Санаты: Балалар фитнесінің шебер жаттықтырушысы.
Спорттық гимнастикадан спорт шебері. Қазақстан Республикасының абсолютті чемпионы. 2007-2014 ж.ж. спорттық гимнастикадан ҚР бірнеше дүркін чемпионы. «Азия балалары» халықаралық жарыстарының күміс жүлдегері, Якутск қаласы, 2008 ж. Жеке біріншіліктегі абсолютті чемпион, «Босфор турнирі» жарыстарының жекелеген түрлерінің жүлдегері, Стамбул қ., 2011 ж.
- Арнайы орта білім, Алматы қаржы- құқықтық және технологиялық колледжі дипломы.
- Fitness IQ фитнес мектебінің топтық бағдарламалары сертификаты.
- MIOFF халықаралық сертификаты, Сочи қ.
- «Пилатес анатомиясы», Pilates Elementary, «Реформердегі жұмыс негіздері» сертификаттары.
- POWER OF MOTION халықаралық тренинг-орталығы, Алматы қ.
2015 жылдан бастап жаттықтырушылық тәжірибесі бар.